среда, 28 сентября 2016 г.

Смартфон




Бұл блогты мен қазіргі заманның адамдары туралы жазғым келеді. Әсіресе олардың техникаға құштарлығы туралы айтып, кері әсерлерін талқылағым келеді. Осыған қоса, бүгінгі таңда әр бір ауылдық жерде ғаламтормен байланыс бар, бұл да әлеуметтік жүйелерге бірталай мүмкіндіктер береді.

Адам баласы қазіргі заманда туып, бірден смартфон қолдануды үйреніп кете бастады. Жақсы ма? Жаман ба? Мысалдарды келтіріп, талқылап көрейік. Біріншіден жақсы жақтарын қарастырайық:

  •        Қазіргі таңда техникаға қызығушылық артып, техниканың одан ары дамуына үлес қоса аламыз. Яғни, смартфон әрбір адамда бар, қолжетімді бағамен сатылады, өз үлесімізді қиналмай қоса аламыз.
  •       Барлық кітаптар, курстар ғаламторға енгізілді. Қазақстанның әрбір аумағынан ғаламторға кіріп, керек сабағымызды оқи аламыз.

Ал енді, не себептен смартфондар жаман әсер қалдырады:

  •        Айтып кеткендей, бала осы өмірге келіп бірден смартфонды қолына алады. Қолына смартфон алған бала, басқа балалармен ойнамайды, контактқа кірмейді. Балалық шақтың ең қызығы кетіп қалады.
  •        Студент кезімізде, отбасы құрған кезде, адамдармен аз сойлескеніміз үшін, смартфонда көп уақыт жоғалтқанымыз үшін, осының бәрі келесі ұрпаққа қатты әсер етеді деп ойлаймын.

Қорытындылай кетсек, смартфонның негізі функциясы ол біріншіден телефон ретінде жұмыс істеу. Сол себепті, қасымызда тұрған адаммен тілмен байланысуымыз керек. Керекті білімімізді алып, смартфонды қолымыздан түсіруіміз керек.    

Комментариев нет:

Отправить комментарий